Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-ақпанда 2021 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 105,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1296,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,6% артық.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 7270,4 млрд. теңгені құрды, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,7% артық. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (2%) төмендеу тіркелген. Бұл кезде, кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (6,4%), өңдеу өнеркәсібінде (3,9%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (5,8%) өндіріс өсімі байқалады.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 428,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 1,6% артық.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 258,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 7,6% артық.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 110,4% құрады.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 98,5 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 12,5% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 14,7 млрд. ж-км құрап, 22,1% өсті.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,1% құрады.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,1% құрады.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 1621,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 92,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2022 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 4148,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 112,8% құрады (салыстырмалы бағада).
2022 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 8842,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда номиналды мәнде 62,6% көбейді, оның ішінде экспорт – 6084,5 млн. АҚШ долларын (номиналды мәнде 86,1% көп), импорт – 2757,8 млн. АҚШ долларын құрады (номиналды мәнде 27,3% көп).
2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 482025 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 473058 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 473058 құрады, оның ішінде 348334 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы ақпанда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 2,2%, азық-түлік емес тауарларға – 0,8%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,2% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы ақпанда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,1% өсті.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы қаңтарда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 136243 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 11,5% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,8% артты.
2022 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 272968 теңгені құрады.
2022 жылғы ақпанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы ақпанның соңына 161,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,7%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Калиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749509 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы