Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он айда (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) – 7,2%, азық-түлік емес тауарларына 3,8% жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,1% төмендеді.
| пайызбен, өсуі+, төмендеуі - | |||||
|
|
2019 жылғы қазан |
2019 жылғы қаңтар-қазан |
|||
|
2019 жылғы қыркүйекке |
2018 жылғы желтоқсанға |
2018 жылғы қазанға |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Тауарлар мен қызметтер |
0,6 |
3,9 |
5,5 |
27,1 |
5,2 |
|
Азық-түлік тауарлары |
0,9 |
7,2 |
9,7 |
31,6 |
7,9 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,5 |
3,8 |
5,2 |
31,8 |
5,9 |
|
Ақылы қызметтер |
0,2 |
-0,1 |
0,8 |
17,3 |
1,3 |
Ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі күрішке – 22,5%, ұнға – 19,9%, мұздатылған балыққа – 16%, қой етіне – 15,6%, жармаларға – 15,4%, картопқа – 15,3%, сиыр етіне – 15%, нанға – 13,4%, жылқы етіне – 12,9%, құс етіне – 11,2%, шошқа етіне – 10,5%, макарон өнімдеріне – 9,9%, кофеге – 9,2%, ет өнімдеріне – 9%, мәйекті ірімшікке – 8,3%, сары майға – 7,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 7,4%, шайға 6,3% белгіленді. Салқындатылған сусындар – 11,2%, темекі өнімдері – 10,7%, алкогольді ішімдіктер 7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге – 14,1%, құмшекерге 14% тіркелді.
Баға өсімі оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,6%, кеңсе таурларына – 6,3%, автомобильдерге – 6,2%, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына – 5,8%-дан, киім және аяқ киімге – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға – 5,1%, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,9%-дан, жеке қолданылатын тауарларға – 4,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 4,5% құрады. Бензин – 4,5%, баллондағы сұйытылған газ – 0,9%, дизель отыны 0,7% арзандады.
Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 8,1%, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 6,3%, денсаулық қызметтеріне – 5,3%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 5%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 4,9%, қоғамдық тамақтандыру – 4,6%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға 4,3% өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 4,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Рашидов А.Р. | Тілепбергенова Э.Н. | Сандықбаева А.Е. | 010000, Нұр-Султан қаласы |
| Тел.: 8(7172)74-95-31 | Тел.: 8(7172)74-90-57 | Тел.:8(7172)74-90-02 | Мәңгілік ел көшесі, 8 |
| a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министірліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті