2019 жылғы IІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 191129 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 118,1%, ал нақты жалақы индексі 112,0% құрды.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 484,6 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,5 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 418,0 мың теңге (2,2 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 334,1 мың теңге (1,7 есеге асты), құрылыс саласында – 257,7 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы білім қызметкерлерінде белгіленді – 122,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 36,1 %-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 361,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 122,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,8%-ға төмен.
Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі | Мекенжай: |
| Белкайрова Л.С. | Белоносова Н.Е. | Сандикбаева А. Е. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 74 97 81 | Тел. +7 7172 74 90 22 | Тел.+7 7172 74 90 02 | Мәңгілік ел, 8 |
| Е-mail: l.belkairova@economy.gov.kz | E-mail: A. Sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті