
Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсу Атырау облысында (115% 2021 жылғы қаңтар-ақпанға) байқалды. Бұл ретте төмендеу Ақтөбе, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда 7270,4 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу салаларында – 3831,8 млрд. теңге (52,7% жалпы көлемнен), өңдеу өнеркәсібінде – 2923,9 млрд. теңге (40,2%) өнім өндірілді.
2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда шикі мұнай (109,2%) және табиғи газ өндіру (108,9%), сусындар (116,5%), темекі өнімдері (114,9%), металлургия өнеркәсібі (102,8%), резеңке және пластмасса бұйымдары (108,7%), фармацевтика (117%) және өзге де бейметалл минералдық өнімдер (102,1%) өндірісінің өсуі байқалды.
2022 жылғы қаңтар-ақпандағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі
|
|
Өндірілгені |
2021 жылғы қаңтар-ақпанға пайызбен |
|
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн. тонна |
15,0 |
109,2 |
|
мыс кендері, млн. тонна |
19,2 |
91,9 |
|
ұн, млн. тонна |
0,6 |
120,6 |
|
бензин, млн. тонна |
0,8 |
100,0 |
|
минералды немесе химиялық тыңайтқыштар, млн. тонна |
0,1 |
98,5 |
|
портландцемент, млн. тонна |
1,2 |
94,5 |
|
құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна |
11,5 |
97,8 |
|
электр энергиясы, млрд. кВт. сағ. |
20,7 |
100,6 |
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Э. Әбілова | Ә. Шауенова | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749774 | Тел. +7 (7172) 749056 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы