Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 104,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8571 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 9,7% артық.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 21409,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,3% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 3,1%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 3,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,9%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,8% артты.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 3668,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 0,5% кем.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2915,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 13,5% артық.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,5% құрады.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 445 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,6% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 219,3 млрд. ж-км құрап, 4,9% артты.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 104% құрады.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,6%-ды құрады.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 8054,4 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 105,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 17571,9 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,6% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 62103,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 1,8% көбейді, соның ішінде экспорт – 37559,5 млн. АҚШ долларын (4,5% аз), импорт – 24543,8 млн. АҚШ долларын құрады (13,2% көп).
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 443656 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 434902 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 299485 құрады, оның ішінде 291109 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы қыркүйекте 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,3% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 6,2%, азық-түлік емес тауарларға 3,3% өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,3% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы қыркүйекте 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,4% жоғарылады.
Әлеуметтік сектор
2019 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 103816 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2018 жылғы тамызға қарағанда 9,5% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,8%-ке артты.
2019 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 188634 теңгені құрады.
2019 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы қыркүйектің соңына 170 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,8%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекен-жайы: |
| Төлеутаева А.М. | Тұрмағанбет Б.Ә. | Сандықбаева Аида | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749509 | Тел. +7 7172 749077 | Тел. +7 7172 749002 | Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, |
| a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті