Ағымдағы жылғы сегіз айда (2019 жылғы тамыз 2018 жылғы желтоқсанға) импортталатын тауарларға баға – 4,7%, экспортталатындарға 2,5% жоғарылады.
| Сыртқы сауда бағасының өзгеруі | |||||
| пайызбен, өсуі +, төмендеуі - | |||||
|
|
2019 жылғы тамыз |
2019 жылғы қаңтар-тамыз |
|||
|
2019 жылғы шілдеге |
2018 жылғы тамызға |
2018 жылғы желтоқсанға |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Экспорт – барлығы |
-0,6 |
2,8 |
2,5 |
54,6 |
11,1 |
|
Шикізат |
-0,7 |
3,1 |
3,4 |
64,9 |
12,6 |
|
Жартылай дайын өнімдер |
-0,2 |
-0,4 |
-1,6 |
37,5 |
6,2 |
|
Дайын өнімдер |
-0,9 |
11,8 |
7,4 |
35,7 |
14,8 |
|
Импорт – барлығы |
-0,2 |
8,1 |
4,7 |
40,4 |
9,2 |
|
Шикізат |
-0,5 |
0,1 |
4,7 |
43,9 |
9,1 |
|
Жартылай дайын өнімдер |
-0,9 |
10,0 |
6,5 |
46,7 |
11,2 |
|
Дайын өнімдер |
0,0 |
8,4 |
4,2 |
38,6 |
8,6 |
Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы темір кендеріне – 41%, көмірге – 17,4%, қара металдардан жасалған бұйымдарыға – 6%, қара металл илегіне – 5,9%, қорғасынға – 5,4%, мұнайға 3,7% жоғарылады, ферроқорытпаларға – 18,9%, хром кендеріне – 12,3%, мырышқа 3,2% төмендеді. Бағаның бидайға – 18,3%, жүнге 1,6% жоғарылауы, олардың мақтаға 3,1% төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден көкөністер – 40,6%, кондитерлік өнімдер – 9,6%, күріш – 8,5%, балық – 8,2%, темекі – 7,4%, макарон өнімдері – 6,6%, сүт өнімдері – 6%, кофе – 5,4%, өсімдік майы – 5,3%, құс еті – 4,3%, шай 4,1% қымбаттады, қант – 7%, жемістер мен жаңғақтар – 6,9%, какао 4% арзандады. Баға фармацевтикалық өнімдерге – 9,8%, пластмассаға – 6,9%, құрылыс материалдарға – 5,1%, тоқыма бұйымдарына – 4,8% сүрекке 4,6% жоғарылады.
Баға индекстерін есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц (экспорт, импорт) нысаны), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы теңгемен көрсетілген белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ж. Тоқбаева | Э. Тілепбергенова | Сандықбаева Аида | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749294 | Тел. +7 7172 749057 | Тел. +7 7172 749002 | Мәңгілік ел даңғылы 8, |
| E-mail: a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті