Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қыркүйекте 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,1% жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,3%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14%, жемістер мен көкөністерді – 12,9%, нан және жарма өнімдерін – 7%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8% құрады.
| теңге | |||||||
|
|
Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда |
0-13 жастағы балалар |
14-17 жастағы жасөспірімдер |
18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық |
Зейнет-керлер мен қарт адамдар |
||
|
жас жігіттер |
қыздар |
ерлер |
әйелдер |
||||
|
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы |
31 759 |
27 779 |
39 651 |
30 380 |
37 334 |
29 622 |
29 431 |
|
Азық-түлік тауарлары |
17 467 |
15 279 |
21 808 |
16 709 |
20 533 |
16 292 |
16 187 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
14 292 |
12 500 |
17 843 |
13 671 |
16 801 |
13 330 |
13 244 |
Әдіснамалық түсініктемелер:
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.Т. Махметова | Э.Н. Тлепбергенова | А.Е. Саңдықбаева | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +77172 74 92 65 | Тел. +77172 74 90 57 | Тел.+77172 74 90 02 | Мәңгілік ел даңғылы, 8 |
| E-mail: a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті