Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы тоғыз айда (2019 жылғы қыркүйек 2018 жылғы желтоқсанға) – 6,2%, азық-түлік емес тауарларына 3,3% жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 0,3% төмендеді.
| пайызбен, өсуі+, төмендеуі - | |||||
|
|
2019 жылғы қыркүйек |
2019 жылғы қаңтар-қыркүйек |
|||
|
2019 жылғы |
2018 жылғы |
2018 жылғы |
2015 жылғы |
||
|
Тауарлар мен қызметтер |
0,3 |
3,3 |
5,3 |
26,3 |
5,2 |
|
Азық-түлік тауарлары |
0,1 |
6,2 |
9,1 |
30,4 |
7,7 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,4 |
3,3 |
5,4 |
31,1 |
6,0 |
|
Ақылы қызметтер |
0,3 |
-0,3 |
0,7 |
17,0 |
1,3 |
Ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы қыркүйек 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі сөкке – 52,4%, күрішке – 22,6%, картопқа – 19,6%, ұнға – 16,5%, қой етіне – 14,7%, мұздатылған балыққа – 13,9%, сиыр етіне – 13,1%, жылқы етіне – 12,1%, нанға, құс етіне – 10%-дан, шошқа етіне – 9,4%, макарон өнімдеріне – 8,9%, кофеге – 8,2%, ет өнімдеріне – 7,7%, мәйекті ірімшікке – 7,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 6,3%, шайға – 5,7%, шұжық өнімдеріне 5,5% белгіленді. Темекі өнімдері – 10,5%, салқындатылған сусындар – 10,4%, алкогольді ішімдіктер 6,4% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа жиналға көкөністерге – 12,6%, құмшекерге – 8,7%, шикі сүтке – 3,6%, жұмыртқаға – 1,6%, сүзбеге 1% тіркелді.
Баға өсімі оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,3%, кеңсе таурларына – 6,1%, фармацевтикалық өнімдерге – 5,7%, құрылыс материалдарына – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға, тоқыма бұйымдарына – 4,7%-дан, киім және аяқ киімге – 4,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 4,2% құрады. Бензин – 4,6%, тас көмір – 1,3%, дизель отыны, баллондағы сұйытылған газ 0,9%-дан арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10%, суық суға – 8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 5,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% төмендеді.
Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 8,3%, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 6,1%, денсаулық қызметтеріне, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру – 5%-дан, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға – 4,5%, қоғамдық тамақтандыру, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 4,3%-дан өсті.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Рашидов А.Р. | Тілепбергенова Э.Н. | Сандықбаева А.Е. | 010000, Нұр-Султан қаласы |
| Тел.: 8(7172)74-95-31 | Тел.: 8(7172)74-90-57 | Тел.:8(7172)74-90-02 | Мәңгілік ел көшесі, 8 |
| a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министірліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті