Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

2022 жылғы ақпанда (2022 жылғы қаңтарға) инфляция 0,8% құрады. Баға азық-түлік тауарларына – 1,2%, азық-түлік емес тауарларына – 0,5%, ақылы қызметтерге 0,6% жоғарылады.

пайызбен, өсуі

 

2022 жылғы ақпан

2022 жылғы қаңтар-ақпан 2021 жылғы қаңтар-ақпанға

2022 жылғы
қаңтарға

2021 жылғы желтоқсанға

2021 жылғы

ақпанға

2020 жылғы

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,8

1,5

8,7

10,1

8,6

Азық-түлік тауарлары

1,2

2,2

10,0

12,4

10,0

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

0,8

8,6

9,4

8,5

Ақылы қызметтер

0,6

1,2

7,1

7,8

7,0

Бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 6,6%, картопқа – 4,1%, ұнға – 2,1%, жармаларға – 1,9%, макарон өнімдеріне – 1,8%, нанға – 1,7%, құмшекерге – 1,5%, құс етіне – 1,2%, пастерленген сүтке – 1,1%, қышқыл сүт өнімдеріне – 1%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 0,9%, жаңа жиналған жемістерге, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге 0,8%-дан байқалды. Салқындатылған сусындар – 1,5%, темекі өнімдері – 1%, алкольді сусындар 0,9% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 2,4% тіркелді.

Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 1,5%, автомобильдерге, фармацевтикалық өнімдерге, жеке қолданылатын тауарларға – 1,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына, құрылыс материалдарына – 0,9%-дан, жуғыш және тазалағыш заттарға 0,8% құрады. Баллондағы сүйытылған газ – 0,8%, дизель отыны 0,4% арзандады.

Жолаушылардың әуе көлігінің қызметтері 6,9% қымбаттады. Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне – 1,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 1,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1,1%, қонақ үйлер қызметтеріне 0,9% жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суды бұруға – 0,8%, суық суға – 0,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 0,6%, орталықтан жылытуға, ыстық суға 0,4%-дан төмендеді.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық–түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер 29,1% құрады.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/Баға статистикасы

Орындаушы:

Рашидов А.Р.

Тел. +77172749536

Департамент директорының міндетін атқарушы:

Демешева Т.М.

Тел. +77172749790

Баспасөз қызметі:

Алданғарқызы Ә.

Тел. +77172749002

E-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz

Мекенжай:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы

Мәнгілік ел даңғылы, 8

Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы