2021 жылғы Қазақстан Республикасындағы халықтың сырқаттанушылығы*

2021 жылғы Қазақстан Республикасындағы халықтың сырқаттанушылығы*

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында тіркелген инфекциялық аурулар арасында ең көп таралғаны: жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасы – 1161,8 мың адам, COVID-19, вирусы анықталды вирус – 832,8 мың адам, COVID-19, вирус сәйкестендірілмеген – 38 мың адам, желшешек – 16,4 мың адам және жіті ішек инфекцияларының тобы – 8,9 мың адам анықталды.

18 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген жұқпалы аурулардың ең көп таралуы жоғарғы тыныс жолдарының анықталмаған жіті жұқпасы бойынша – 627,5 мың бала және адамдағы иммунотапшылық вирусынан туындаған аурулар – 144,2 мың бала анықталды.

100 мың адамға шаққанда жұқпалы сырқаттанушылықтың ең жоғары көрсеткіштері жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті жұқпасы – 6 114 жағдай, COVID-19 коронавирустық инфекциясы – 4 382,8 COVID-19 вирус сәйкестендірілмеген – 199,7 жағдай, жіті ішек инфекциялары – 47 жағдай, тыныс алу органдарының туберкулезі – 31,4 жағдай құрады.

100 мың адамға шаққанда жедел ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі Қызылорда облысында – 108,7 жағдай, Ақтөбе облысында – 101,6 жағдай және Жамбыл облысында – 97,1 жағдай тіркелді.

*Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының деректері бойынша.

 

Пресс-релизді сақтау

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Г.Қ.Айгозина Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749801 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы