Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтарда 102,9% құрады

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтарда 102,9% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсу Атырау облысында (116,2% 2021 жылғы қаңтарға) байқалды.  Бұл ретте төмендеу Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Шымкент және Алматы қалаларында тіркелді.

2022 жылғы қаңтарда 3439,7 млрд. теңге өнеркәсіп өнімі, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу салаларында - 1 836,9 (53% жалпы көлемнен) млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде –1338,8 (39%) млрд. теңге өнім өндірілді.

2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда шикі мұнай және табиғи газ кендерінің (112,6%), сусындар (124%), темекі өнімдерінің (118,7%), резеңке және пластмасса бұйымдарының (111,4%), фармацевтика (113,1%) және өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің (101,9%) өндірісінің өсуі байқалды. Жеңіл өнеркәсіп (84,1%), химия (86,6%) және металлургия өнеркәсібі (96,8%) өндірісі төмендеді.

2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

 

Өндірілгені

2021 жылғы қаңтарға пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн. тонна

7,9

112,6

мыс кендері, млн. тонна

8,3

82,8

ұн, млн. тонна

0,3

116,6

бензин, млн. тонна

0,4

100,1

минералды немесе химиялық тыңайтқыштар, млн. тонна

0,1

101,1

портландцемент, млн. тонна

0,5

96,6

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

5,8

101,9

электр энергиясы, млрд. кВт. сағ.

10,7

97,8

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Э. Әбілова Ә.Шауенова Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749774 Тел. +7 (7172) 749056 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы