Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтарда 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 103% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2022 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 609,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 0,4% артық.
2022 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3439,7 млрд. теңгені құрды, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 2,9% артық. Өңдеу өнеркәсібінде (0,7%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (3,3%) төмендеу тіркелген. Бұл кезде, кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (7,2%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (4,7%) өндіріс өсімі байқалады.
2022 жылғы қаңтарда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 204,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 1,5% артық.
2022 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 89,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 7,3% артық.
2022 жылғы қаңтарда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 110,3% құрады.
2022 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 51,4 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 12,8% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 7 млрд. ж-км құрап, 19,5% өсті.
2022 жылғы қаңтарда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 98,7% құрады.
2022 жылғы қаңтарда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 98,3% құрады.
2022 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 727,3 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 84,1% құрады (салыстырмалы бағада).
2022 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 1885,2 млрд. теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 105,4% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 101513,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда номиналды мәнде 17,4% көбейді, соның ішінде экспорт – 60339,6 млн. АҚШ долларын (26,9% көп, номиналды мәнде), импорт – 41173,8 млн. АҚШ долларын құрады (5,8% көп, номиналды мәнде).
2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 481837 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 472878 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 356576 құрады, оның ішінде 347846 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы қаңтарда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,7% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 1%, азық-түлік емес тауарларға – 0,3%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы қантарда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,5% өсті.
Әлеуметтік сектор
2021 жылғы желтоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 136312 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 7,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,6% төмендеді.
2022 жылғы қаңтарда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 269149 теңгені құрады.
2022 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы қаңтардың соңына 138,7 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,5%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Калиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749509 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы