2022 жылғы 1 қаңтарға еліміздегі халық саны 19125,6 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11355,8 мың (59,4%), ауылдықтар –7769,8 мың адам (40,6%). 2021 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 248,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.
Халықтың табиғи қозғалысы
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда (263,0 мың адам) 1,6% өсіп, 267,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,88 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда туылғандар саны 450,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға (425,6 мың адам) қарағанда 5,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,41 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 183,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға (162,6 мың адам) қарағанда 12,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,53 қайтыс болғандарды құрады.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 3763 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3315 шетінеген нәресте) 13,5% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,35 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 10982 адамды, елімізден кеткендердің саны 32209 адамды, көші-қонның айырымы -21227 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,5% және 85,3% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 10,5%-ке азайды. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (31906 адам), Алматы (29253 адам), Шымкент (9774 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (239 адам).
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ә. Алданғарқызы | Н.Е. Ханжігітов | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749002 | Тел. +7 (7172) 749061 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы