
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы лайықты еңбек көрсеткіштерін Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) әдіснамасына сәйкес лайықты еңбекті статистикалық өлшеу шеңберінде жыл сайынғы негізде қалыптастырады. ХЕҰ «Лайықты еңбек» ұғымын «ерлер мен әйелдер үшін еркіндік, теңдік, әлеуметтік кепілдіктер мен адамның қадір-қасиетін құрметтеу жағдайында лайықты және нәтижелі жұмыс жасау үшін мүмкіндіктер құру» міндеті ретінде анықтайды.
«Лайықты еңбек» арнайы іріктемелі сауалнаманың нәтижелері бойынша халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі (15 жас және одан жоғары) 2020 жылмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа өсті және 66,1% құрады
Жалдамалы қызметкерлер ішінде 94,2% тұрақты (белгісіз мерзімге келісім-шарт бойынша), 5,8% кездейсоқ, кесімді немесе маусымдық жұмысқа ие болды.
Осы уақыт ішінде жұмыспен қамтылғандардың 4,2% (367,9 мың адам) кәсіптік оқудан өтті, оның ішінде 80,6% (296,7 мың адам) жұмыс берушінің немесе басқа ұйымдардың қаражаты есебінен оқытылды. Жұмыстан босатылған жағдайда респонденттердің 76,9% еңбек заңнамасында көзделген өтемақы алатынына сенімді. Жұмыспен қамтылған халықтың 11,9% қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтінін атап өтті.
Жұмыспен қамтылған халықтың 16,4% (1441,8 мың адам) аптасына 40 сағаттан астам жұмыс істеді, оның ішінде 70,5%– жұмыс беруші белгілеген талаптарға байланысты, 15,6%– табысының жоғарылауына байланысты. Жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығынан аз жұмыс істеген – 5,3% (466,8 мың адам), оның ішінде 44,8% жұмыс көлемі жеткіліксіз болғандықтан. Қызметкерлердің басым бөлігі (78,3%) қалыпты жұмыс аптасында жұмыс істейтінін көрсетті.
Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 83% жұмыс пен үй шаруасын үйлестіре алатынын атап өтті.
* 2021 жылғы III тоқсандағы халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері.
Ескертпе. Лайықты еңбек индикаторларының жүйесі Ұлттық статистикабюросының ресми сайтында www.stat.gov.kz > Ресми статистика / салалар бойынша / еңбек және жұмыспен қамту статистикасы / Лайықты еңбек көрсеткіштері кестесінде орналастырылған.
Осы статистикалық байқаудың нәтижелерімен танысу және толық зерттеу үшін «Қазақстан Республикасында лайықты еңбек өлшемінің статистикалық көрсеткіштері» бюллетенінің электронды нұсқасы www.stat.gov.kz сайтында «Ресми статистика», «Еңбек және жұмыспен қамту» бөлімінде орналастырылған.
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ә. Кәрібаева | Н. Белоносова | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749688 | Тел. +7 (7172) 749022 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы