2021 жылғы ІV тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы ІV тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275580 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанға 118,2%, ал нақты жалақы индексі 108,7% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 546,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 520,7 мың теңге
(1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 442 мың теңге (1,6 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 370,1 мың теңге (1,3 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 167,3 мың теңге және сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау бойынша – 169,1 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 420,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,5 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 203 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 26,3% төмен.

* Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

 

Ескерту: Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А. Сагнаева Н. Белоносова Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749554 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы