Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

Бір айда (2022 жылғы қаңтар 2020 жылғы желтоқсанға) баға азық-түлік тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге – 0,6% азық-түлік емес тауарларына 0,3%, жоғарылады.

пайызбен, өсуі

 

2022 жылғы қаңтар

2021 жылғы
желтоқсанға

2021 жылғы қаңтарға

2020 жылғы желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,7

8,5

9,2

Азық-түлік тауарлары

1,0

9,9

11,1

Азық-түлік емес тауарлар

0,3

8,5

8,8

Ақылы қызметтер

0,6

6,8

7,2

Бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге – 8,6%, картопқа – 4,2%, жаңа жиналған жемістерге – 2%, жармаларға – 1,2%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 1%, тауықтарға – 0,8%, макарон өнімдеріне, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге, пастерленген сүтке – 0,7%-дан, құмшекерге,нанға, қышқыл сүт өнімдеріне, күрішке 0,6%-дан байқалды. Темекі өнімдері 1,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 0,6% тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 3,5%, тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, жуғыш және тазалағыш заттарға, фармацевтикалық өнімдерге – 0,8%-дан, жеке қолданылатын тауарларға 0,7% құрады. Баллондағы сүйытылған газ – 22,7%, дизель отыны 1,3% арзандады.

Баға деңгейі нотариус қызметтеріне, автосақтандыруға – 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 0,7%, моншаға бару – 0,6%, кабельдік телевизия қызметтеріне 0,4% жоғарылады. Тұрғын үйді жалға беру үшін төлем 3,7% өсті.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер суық суға 0,4% төмендеді.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық–түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер 29,1% құрады.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А.Р. Рашидов Қ. Жақыпбекұлы Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749536 Тел. +7 (7172) 749057 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы