
Қазақстан Республикасында ағымдағы оқу жылында жұмыс істеп тұрған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының саны 122 құрады, оның ішінде 102 ұйым магистранттарды даярлауды,
74 ұйым – докторанттарды даярлауды және 18 ұйым-резидентура тыңдаушыларын даярлауды жүзеге асырады. Жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы санынан ұйымдардың 74,6% - жеке меншікте, 23,8% - мемлекеттік, 1,6% - шетелдік меншікте.
Студенттер
2021-2022 оқу жылының басында студенттер саны 575,5 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер - 309 мың адам немесе 53,7%. Студенттердің орташа жасы 22,6 жасты, ерлерде – 22,5 жасты, әйелдерде-22,8 жасты құрады.
Студенттердің жалпы санының күндізгі 97,2%, сырттай - 7,3% және кешкі - 2,1% оқу түрінде оқиды. Мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 22,1%, жеке ұйымдарда-77,2% құрайды. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша есепті оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 207,3 мың адам немесе 36% білім алады, ақылы білім беру қызметтерін 368,2 мың адам немесе білім алушылардың жалпы санының 64% алады.
2021-2022 оқу жылының басында қабылданған студенттер саны 159,8 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 87,6 мың адам немесе 54,8%. Оқуға түскен студенттердің жалпы санының 65,2% – ы жалпы орта білім беру базасында, 21% – ы техникалық және кәсіптік білім беру базасында және 13,8% - ы жоғары білім беру базасында қабылданды.
Есепті жылы қабылданған студенттердің жалпы санының 2,5% ТМД елдерінен, 0,7% алыс шет елдерден келді; Қазақстан Республикасынан қабылданған студенттердің үлесі 96,8% құрады.
Қаладан тыс жерлерден келген студенттердің жалпы саны 285,4 мың адамды құрайды, олардың 19,6% жатақханаларда тұрады, ал 35,1% мұқтаж. 2021-2022 оқу жылының басында 547,3 мың адам немесе студенттердің жалпы санының 95,1% Қазақстан Республикасының тұрғындары, 18,9 мың адам немесе 3,3% ТМД елдерінен және
9,3 мың адам немесе 1,6% алыс шет елдерден келді. Студенттердің ең көп саны Өзбекстаннан (2,5%) және Үндістаннан (1%) келді.
Магистранттар
2021-2022 оқу жылының басында магистранттардың жалпы саны 36,5 мың адамды құрады, оның ішінде 23 мың адам немесе 63,1% - әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 19,5 мың адам немесе магистранттардың жалпы санының 53,4% оқиды, ақылы білім беру қызметін 15,6 мың адам немесе 42,9% алады. Магистранттарды шығару
19,5 мың адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғаумен – 19,2 мың адам немесе 98,9%. Магистранттардың орташа жасы 26,8 жасты, резидентура тыңдаушыларының орташа жасы-27,2 жасты құрады.
Докторанттар
2021-2022 оқу жылының басында докторанттардың жалпы саны 5,9 мың адамды құрайды, оның ішінде 3,7 мың адам немесе 63,4% - әйелдер. Есепті жылы қабылданған докторанттардың саны 1720 адамды құрады, ал белгіленген мерзімнен жоғары даярлықтан өткен докторанттардың саны 22 адамды құрады. Докторанттарды шығару
2503 адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғаумен – 642 адам немесе 25,6%. Докторанттардың орташа жасы 33 жасты құрады.
Оқытушылар
2021-2022 оқу жылының басында республиканың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 36,4 мың оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде магистрлер - 38%, ғылым кандидаттары - 30,6%, доценттер - 14,4%, философия докторлары (PhD) - 9,4%, ғылым докторлары - 7,3%, профессорлар - 6,5% және бейіні бойынша докторлар-0,4% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Білім беру статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Нуржанова А.А. | Ханжігітов Н.Е. | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749258 | Тел. +7 (7172) 749061 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы