2021 жылғы қаңтар-қарашадағы демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы қаңтар-қарашадағы демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 19 102,4 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 336,3 мың (59,3%), ауылдықтар – 7 766,1 мың адам (40,7%). 2020 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 249,7 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Халықтың табиғи қозғалысы

2021 жылғы қаңтар-қарашада республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда (237,4 мың адам) 2,6% өсіп, 243,6 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,00 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны 413,0 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашаға (386,9 мың адам) қарағанда 6,8% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,75 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 169,4 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашаға (149,5 мың адам) қарағанда 13,3 % көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,75 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-қарашада республикада 1 жасқа дейін шетінеген 3392 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3015 шетінеген нәресте) 12,5% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,21 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қарашада елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 9 559 адамды, елімізден кеткендердің саны 30 227 адамды, көші-қонның айырымы -20 668 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,2% және 85,9% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 9,5%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (26 893 адам), Шымкент (9 545 адам), Нұр-Сұлтан (28 463 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (211 адам).

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша /Демографиялық статистика

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
К.Рысбаев Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749343 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы