2021-2022 оқу жылының басында Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

2021-2022 оқу жылының басында Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

2021-2022 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 724 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйымдар мен 38 филиал жұмыс істеді.

Оқушылардың жалпы саны 494 мың адамды құрады, оның ішінде 235,4 мың адам немесе 47,6% - әйелдер. 2020-2021 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 3,5% көбейді.

Оқушылардың жалпы санынан 71,9% - негізгі орта білім базасында, 24,3% - жалпы орта білім базасында, 3,8% - ТжКБ базасында оқиды.

Күндізгі оқу нысанында оқушылардың 94,3%, кешкі және сырттай нысандарында тиісінше 0,2% және 5,5% оқиды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 292,5 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санынан 59,2% құрайды, 201,6 мың адам немесе оқушылардың 40,8% ақылы білім қызметтерін алады.Ең сұранысқа ие мамандықтар:

- мейіргер ісі – 16623 адам;

- емдеу ісі – 13861 адам;

- бағдарламалық қамтамасыз ету – 9331 адам;

- автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану – 8785 адам;

- тамақтандыруды ұйымдастыру питания – 8443 адам;

- бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі – 8301 адам;

- дене тәрбиесі және спорт – 7040 адам;

- басқа мамандықтар бойынша - 104500 адам.Мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі - 59%, орыс тілінде – 40,7% және ағылшын тілінде – 0,3%.

2021 жылы түлектердің саны 146,5 мың адамды құрады, оның ішінде 92,8 мың адам немесе 63,3% жұмысқа орналасқан және 17,8 мың адам немесе 12,1% жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды.

Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36,1 мың педагог және 5,4 мың өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, оның ішінде 26,1% мұғалімдер және 10,8% өндірістік оқыту шеберлері жоғары санатқа ие.

Білім беру мекемелерінің жалпы ауданы- 4844591 ш.м. құрайды.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Білім беру статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Рахимова Ж.Б. Ханжігітов Н.Е. Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749258 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы