Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы III тоқсанда 5,3% құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен.
2021 жылғы III тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9,5%), Маңғыстау (8,1%) облыстарында және Шымкент (5,8%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Қарағанды, Қостанай (3,4%-дан) облыстарында тіркелді.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылғы
III тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,7, азық-түлік емес тауарларға – 7,9, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,1 есені құрады.
www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.С. Мақшаева | Н.Е. Белоносова | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749262 | Тел. +7 (7172) 749022 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы