О демографической ситуации за январь-сентябрь 2021 года

О демографической ситуации за январь-сентябрь 2021 года

2021 жылғы 1 қазанға еліміздегі халық саны 19062,6 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11303,6 мың (59,3%), ауылдықтар –7759,0 мың адам (40,7%). 2020 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 253,4 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Халықтың табиғи қозғалысы

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда (189,3 мың адам) 6,3% өсіп, 201,2 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,16 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте туылғандар саны 338,8 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке (313,9 мың адам) қарағанда 7,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,84 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 137,6 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке (124,7 мың адам) қарағанда 10,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,68 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2682 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2448 шетінеген нәресте) 9,6% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,92 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 7246 адамды, елімізден кеткендердің саны 25322 адамды, көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам).

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Алданғарқызы Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы