2021 жылғы қаңтар-қазанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,9% құрды

2021 жылғы қаңтар-қазанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,9% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылғы қаңтар-қазанда 2020 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 103,9% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2021 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9967,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 2,5% артық.

2021 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 29509,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 2,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс 0,1% артты, өңдеу өнеркәсібінде – 5,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 6,2%, сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте – 8,5%.

2021 жылғы қаңтар-қазанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 6432 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 2,3% кем.

2021 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4092,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 7,6% артық.

2021 жылғы қаңтар-қазанда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,2% құрады.

2021 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 482,8 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 0,6% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 83,3 млрд. ж-км құрап, 14,1% кеміді.

2021 жылғы қаңтар-қазанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 112,9% құрады.

2021 жылғы қаңтар-қазанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,5% құрады.

2021 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 10413,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,1% құрады (салыстырмалы бағада).

2021 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 22354,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 111,1% құрады (салыстырмалы бағада).

2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 72767,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда номиналды мәнде 12,7% көбейді, оның ішінде экспорт – 43299,4 млн. АҚШ долларын (20,6% көп, номиналды мәнде), импорт – 29468 млн. АҚШ долларын құрады (2,8% көп, номиналды мәнде).

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 479987 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 471051 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 348952 құрады, оның ішінде 340256 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы қазанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 8,2%, азық-түлік емес тауарларға – 6,8%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 5,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы қазанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 37,5% өсті.

 

Әлеуметтік сектор

2021 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 130600 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қыркүйекке қарағанда 15,4% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 6% артты.

2021 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 245715 теңгені құрады.

2021 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы қазанның соңына 193,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,1%.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Г.Ғ. Айбасова Ф.М. Калиев Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749095 Тел. +7 (7172) 749095 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы