
2021 жылғы III тоқсанда республика экономикасында 8,8 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында 6,7 млн. адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызмет бойынша жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша) 450,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады.
Еңбек нарығы қалпына келе бастады.2021 жылғы III тоқсанда 2021 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда негізгі жұмыс орнында жұмыс көлемінің төмендеуіне (толық емес жұмыс күні) немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша аз сағат жұмыспен қамтылғандар саны 5,3 пайызға азайды және 242,9 мың адамды құрады.
Қызметті тоқтату себебіне байланысты уақытша жұмыс істемейтіндер саны 3,6 мың адамды құрады. Оның ішінде 19,7% - көлік және жинақтау, 15,5% - тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, 15,3% - өнер, ойын-сауық және демалыс.
Жұмыспен қамту органдарында 2021 жылғы қазан айының соңына 193,5 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 2,1%-ын құрады.
* Деректер халықтың жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу қорытындыларының негізінде қалыптастырылған.
Әдіснамалық түсіндірмелер:
Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ә.Кәрібаева | Н. Белоносова | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749688 | Тел. +7 (7172) 749022 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы