Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарына – 101 жыл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдарына – 101 жыл

Ел экономикасының стратегиялық маңызды саласы осыдан тура 101 жыл бұрын құрылған болатын. 1920 жылы 8 қарашада Қазақ АССР-де мемлекеттік статистика органдарын құру туралы Қазақ АССР Үкіметінің қаулысын қабылдаудан басталған өзінің көпғасырлық тарихында қазақстандық статистика даңқты жолдан өтті.

Қазақстанда статистиканы қалыптастыру барысында деректерді өңдеу процестері жаңартылды, мәліметтер жинау жүйесі қайта қаралды, деректерді өңдеу саласында заманауи технологиялар енгізілді, кадрларды дамытуға белсенді инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық кеңейтілді.

Осы айтулы мерекемен Ұлттық статистика бюросын бірқатар халықаралық ұйымдар құттықтады.

Атап айтқанда, БҰҰ Даму Бағдарламасы Тұрақты Өкілінің Орынбасары Виталий Времиш: «Бюроны және Сізді Қазақстанның мемлекеттік статистикасының құрылғанына 101 жыл толуына орай құттықтауға рұқсат етіңіз. Өзінің ғасырлық тарихында Қазақстанның мемлекеттік статистикасы ел шеңберінде ғана емес, сондай-ақ барынша заманауи тәжірибелер мен тәсілдерді енгізе отырып, халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізді», - деп атап өтті.

БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори өзінің құттықтау хатында статистиканың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ Бюроға алғысын білдірді: «Мен Сізге және Бюроға Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы елдік командасына көрсеткен тамаша ынтымақтастығы мен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздің көшбасшылығыңыздың және Сіздің кәсіби командаңыздың жұмысының арқасында Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарын қолдау үшін бірқатар маңызды бастамалар қолға алынды». 

Сонымен қатар, Микаэла Фриберг-Стори ынтымақтастықты жаңа, жоғары деңгейге көтеруге ниет білдірді.

Сондай-ақ, ТМД Мемлекетаралық статистика комитетінің төрағасы Владимир Соколин құттықтау хат жолдады: «ТМД Статкомитетінің ұжымы Қазақстанның барлық статистиктерін республикалық статистиканың құрылғанына 101 жыл толуымен шын жүректен құттықтайды!» делінген хатта.

SESRIC Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ислам елдеріне арналған Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер мен оқыту орталығының бас директоры Небиль Дабур: «Мен Сізді және Ұлттық статистика бюросының қызметкерлерін Статистиктер күнімен, 1920 жылы құрылған Қазақстанның алғашқы Статистика агенттігінің құрылғанына 2021 жылғы 8 қарашада 101 жыл толуына орай шын жүректен құттықтаймын. Екі мекеме арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді асыға күтемін», - деді Небиль Дабур.

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия бойынша Басқармасы өкілінің орынбасары Думитру Липкану да кәсіби мерекемен құттықтады: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика қызметкерлері күнімен! Анық, ғылыми негізделген және жедел статистикалық ақпарат - маңызды басқарушылық шешімдер қабылдау, стратегиялық ұзақ мерзімді болжамдар мен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін сенімді негіз болып табылады», - делінген хатта.

Сондай-ақ, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрғындардың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА) құттықтау хат жолдады.

«ЮНФПА-ның Қазақстандағы елдік офисі атынан Ұлттық статистика бюросын кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика қызметкерлері күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сіздің жоғары кәсібилігіңіз бен тәжірибеңіздің арқасында Қазақстан Республикасында әйелдер мен балалардың жағдайын зерделеу бойынша ұлттық зерттеулер жүргізілді. ЮНФПА Ұлттық статистика бюросына осы зерттеулерді жүргізудегі жемісті ынтымақтастығы үшін өз ризашылығын білдіреді!»,- деп атап өтті ЮНФПА-ның Қазақстандағы Атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев.

Дүниежүзілік Банктің деректерді дамыту тобының директоры Хайшан Фу өзінің құттықтауында: «Біздің командалар соңғы үш жыл бойы өте жақсы жұмыс істеді және біз ынтымақтастықтың жаңа салаларын одан әрі зерттеуге дайынбыз» деп атап өтті.

 

www.stat.gov.kz / Жаңалықтар / Бюроның баспасөз хабарламалары

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Н. Б. Нұрымжанов А.А. Қыдырбекова Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749338 Тел. +7 (7172) 749023 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы