2021 жылғы ІІІ тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы ІІІ тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге
(1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде -154,9 мың теңге және ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша – 167,5 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7%-ға төмен.

Ескерту.Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Саметова А.К. Белоносова Н.Е. Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749554 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы