Халық санағы басталғалы байланыс орталығына 50 мыңнан аса қоңырау шалынды

Халық санағы басталғалы байланыс орталығына 50 мыңнан аса қоңырау шалынды

Халық санағын өткізу кезінде азаматтармен шұғыл кері байланыс орнату мақсатында құрылған орталық өз жұмысын 8 қарашада аяқтайды.

27 қазанға дейін орталық 58455 қоңырауға жауап берген. Яғни, орташа есеппен күніне 1045 азамат хабарласты. Бір тәулікте қабылданған қоңыраулардың саны 1851-ге дейін барған.

Тәулік бойы жұмыс істеу үшін байланыс орталығына санақ өткізу әдістемесі және шараға қатысты қолданылатын бағдарламаларға қатысты оқытылған мамандар мен қосымша қызметкерлер жұмылдырылды. Орталық операторлары үш ауысымда қызмет атқарды. Қоңыраулар тәулік бойы келіп түсуде: мәселен, 10 қыркүйекке қараған түні азаматтар сағат 4:44-ке дейін хабарласқан. Араға біраз ғана уақыт салып, қоңыраулар легі таңғы 5:32-ден бастап ағылған.

Көбінесе байланыс орталығына жүгінген азаматтар sanaq.gov.kz сайтына тіркелу, арнайы кодты енгізу сауалдары бойынша хабарласты. Сондай-ақ, санақтан өткені туралы хабарламаны алу мерзімдері, халық санағының әдістемесіне қатысты сұрақтар да жиі түскен.

2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі Қазақстанда 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтуде. Қарашаның 8-не дейін санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, нақтылау шаралары қарастырылған. 2021 жылғы халық санағының ұраны – «Қазақстанда әркім маңызды!».

 

www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары

Баспасөз қызметі: Ұлттық санақтар департаментінің директоры: Мекенжай:
Әсем Алданғарқызы Н.А. Кожаков 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749162 Мәңгілік ел , 8
Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz   Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы