
Егер интервьюер сауалдарына жауап беріп, кейін басқа өңірге кетіп қалсам, менімен сауалнама қайта жүргізе ме? Соңғы күндері азаматтар тарапынан осындай сауал жиі келіп түсуде. Осы орайда халық санағы аясында сауалнама тек бір рет жүргізілетінін атап өткіміз келеді.
Офлайн, яғни интервьюер жүргізген сауалнамадан соң респондентке санақтан өткені жайлы анықтама беріледі. Оны 10 қарашаға дейін сақтап, басқа елді мекенге кететін жағдайда өзімен бірге алып жүрген абзал.
Бұл шара халық санағы аясында объективті есеп жүргізу үшін қолға алынып отыр. Интервьюер берген анықтама азаматтың санақтан өткенін ресми түрде растайды және онымен қайта сауалнама жүргізілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, санақ сауалдарына онлайн режимде жауап бергендер электронды анықтама алған болатын. Оны да 10 қарашаға дейін сақтаған жөн. Ол үйлерді аралап жүрген интервьюерге көрсетілуі тиіс. Бұл респондентпен қайта сауалнама жүргізілмейді.
Ұлттық статистика бюросы белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айта отырып, онжылдықтың маңызды шарасына ат салысуға шақырады!
www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары
| Баспасөз қызметі: | Ұлттық санақтар департаментінің директоры: | Мекенжай: |
| Әсем Алданғарқызы | Н.А. Кожаков | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749002 | Тел. +7 (7172) 749162 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы