Санақ жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтаған аудан

Санақ жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтаған аудан

Алматы облысының Балқаш ауданында халық санағы аясындағы жұмыстар мәресіне жетті. 1 тамыздағы жағдай бойынша мұнда 29791 адам тұрған. Барлық үйлерді аралау және онлайн санақ өткізу нәтижесінде мұндағы тұрғындар саны 29796 (100,02%) құрады. Олардың 24286-сы санаққа онлайн қатысса, 5510-ы интервьюерлердің сауалдарына жауап қатты. Сауалнама жүргізуге 30 санақшы жұмылдырылған болатын.

Айта кетейік, өңірде санақ жұмыстары белсенді жүруде. Мұнда тағы бір ауданда жақын арада шара мерзімінен бұрын аяқталады деп күтілуде. Атап айтқанда, Сарқан ауданында санақпен қамтылғандар үлесі 96 процентке жуықтаған.

Естеріңізге сала кетейік, санақ сауалдарына жауап берудің екі әдісі қарастырылған. Өзіңізге ыңғайлы уақытта sanaq.gov.kz сайты, E-gov порталы немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы сауалдарға жауап беру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді аралауда. Ұлттық статистика бюросы белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айта отырып, шараға ат салысуға шақырады.

Қазақстанда әркім маңызды!

 

 

www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары

Баспасөз қызметі: Ұлттық санақтар департаментінің директоры: Мекенжай:
Әсем Алданғарқызы Н.А. Кожаков 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749162 Мәңгілік ел , 8
Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz   Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы