Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 104,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8722,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2% артық.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 26025,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 2,7% артық. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (0,8%) тіркелген. Бұл кезде өсім өңдеу өнеркәсібінде (5,7%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (6,1%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (8,5%) байқалады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 5523,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,4% артық.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3648,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 9,7% артық.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,1% құрады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 428,9 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,5% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 72,2 млрд. ж-км құрап, 20,6% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 113% құрады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,3% құрады.
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 9186,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 19561,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 111% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 62818,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда номиналды мәнде 10% көбейді, оның ішінде экспорт – 37446,4 млн. АҚШ долларын (16% көп, номиналды мәнде), импорт – 25371,8 млн. АҚШ долларын құрады (2,2% көп, номиналды мәнде).
2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 477739 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,1% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 469094 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 346563 құрады, оның ішінде 338153 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы қыркүйекте 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,5%, азық-түлік емес тауарларға – 5,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 5,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы қыркүйекте 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 34,7% өсті.
Әлеуметтік сектор
2021 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 130590 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы тамызға қарағанда 15,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 6,1% артты.
2021 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 257030 теңгені құрады.
2021 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы қыркүйектің соңына 210,1 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,3%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Калиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749509 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы