2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына орта есеппен 116126 теңгені құрады және атаулы мәнде 2019 жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өсті. Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалардың 6,8%-ке өсімі кезінде халықтың нақты ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға жоғарылады.
2020 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша ең жоғары мәні Атырау облысында байқалды, онда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2 есеге жуық артты.
Табысы ең төмен өңірлер ретінде Түркістан облысы және Шымкент қаласы белгіленді, осы өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 55-65% құрады.
2020 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстардың ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылығы 3,4 есені құрады (2019 жылы – 4 есе).
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы/ Бюллетень «Халықтың табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері».
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Мақшаева А. | Белоносова Н.Е. | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749262 | Тел. +7 (7172) 749022 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы