
Соңғы жылдары қылмыстық құқық бұзушылық жасаған балалар мен жасөспірімдер санының азаюының оң үрдісі байқалады. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректері бойынша 2020 жылы кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысқан кезде 1 873 құқық бұзушылық тіркелген, бұл 2016 жылға қарағанда 44%-ға аз (3 343 бірлік). Құқық бұзушылықтардың үштен бірін (33,5%) топтағы кәмелетке толмағандар, 13,1% - қайта және 2,7% - алкогольдің әсерінен жасайды.
Құқық бұзушылықтар санының жалпы азаюына қарамастан, жасалған әрекеттердің ауырлығы азаймағандығын атап өткен жөн. Ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар саны 2016 жылы 653 жағдаймен (19,5%) салыстырғанда 2020 жылы 750 жағдайды (жалпы санының 40%) құрады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар құрылымында ең көп үлесті (53,6%) меншікке қарсы құқық бұзушылықтар (ұрлық және тонау), алаяқтық – 8,2% және автокөлік ұрлау – 4,3% құрайды. Құқық бұзушылықтар құрамында ұрлық пен тонаудың үлкен үлесіне қарамастан, соңғы үш жылда олардың саны тиісінше 52,4% - ға және 68,2% - ға төмендеді.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Балалар туралы статистика
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Аубакирова А.О. | Досанова А.С. | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749830 | Тел. +7 (7172) 757625 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы