2021 жылғы 1 қазанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ тікелей эфирде «Халық санағы-2021» шарасының аясында интервьюерлермен үйлерді аралау кезеңінің басталуы туралы баяндады.
1 қазаннан бастап Ұлттық халық санағының интервьюерлері үйлерді аралап бастады
Қазақстанда Жалпыұлттық халық санағының аясында үйлерді аралау кезеңі басталды. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«Осы күннен, яғни 1 қазаннан бастап халықты толық қамту мақсатында жаппай аралау кезеңі басталды. Ол 30 қазанға дейін жалғасады», - деді Бюро басшысы.
Санаққа онлайн қатысқан азаматтарға интервьюерлер сауалдарына қайталап жауап берудің қажеті жоқ.
«Санақ сұрақтарына онлайн режимде жауап бергендер санақтан өткені туралы хабарламаны көрсетеді. Интервьюер тұрғын үй-жайдағы барлық адамдар санақтан өткеніне көз жеткізгеннен кейін, өз учаскесінің келесі мекенжайына барады»,- деп түсіндірді Айдапкелов.
Қазіргі уақытта республика бойынша санақ персоналы ретінде 23367 адам жұмысқа алынды. Олардың ішінде 2693 нұсқаушы-бақылаушы және 20764 интервьюер.
Айдапкелов сондай-ақ, барлық интервьюерлермен планшетпен жұмыс істеу, сауалнама жүргізу әдістері бойынша оқыту жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Санақтан онлайн өту мүмкіндігі 15 қазанға дейін қолжетімді болады. Санақ сұрақтарына жауап берудің бірнеше жолы бар. Бұл sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты, E-Gov порталы арқылы, сондай-ақ Aitu мобильді қосымшасын пайдалана отырып авторизациядан өту.
1 қазан сағат 11-00-дегі жағдай бойынша онлайн санақтан 6429018 адам өтті. Атап өтерлігі, респонденттердің 86 проценттен астамы смартфон арқылы санақтан өткен. Санақтан онлайн режимде өткендер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдің 865824 тұрғыны санақтан өткені туралы хабарлама алды. Алматы облысында 705646 адам тіркелген. Көшбасшылар үштігін Шығыс Қазақстан облысы түйіндейді. Мұнда халық санағының сұрақтарына 612804 адам жауап берді.
Осы көрсеткіш бойынша Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарын соңғы орындарда. Бұл өңірлерде санақтан сәйкесінше 181024 және 155779 адам өтті.
Егер нақты өңірдің онлайн санақпен қамтылған халқының үлесі бойынша есептесек, онда Қызылорда облысы көш бастап тұр. Мұнда 48,8 % адам қамтылған. (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тұрады). Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы. Мұнда бұл көрсеткіш 45%-ға жетті (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тұрады).
Интервьюерді қалай тануға болады
Халық санағы аясында саулнама жүргізетін интервьюерлердің барлығы COVID-ке қарсы вакцина алған. Бұдан бөлек олар жеке қорғаныш затармен қамтылды. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
Интервьюер қызметіне бастамашыл, жауапты, коммуникабельді, компьютерде жұмыс жасай алатын 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары тартылғанын жеткізді. Сауалнама жүргізетін қызметкерлер жұмысында планшетті қолданатын болады.
Интервьюердің міндетіне еліміздің қалалары мен ауылдарындағы үй шаруашылықтарын жаппай аралау кіреді. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюрерге арнайы куәліктер мен Ұлттық санақтың логотипі бейнеленген көк түсті шарф пен сөмке берілетін болады.
«Куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz сайтында «Интервьюерді іздеу» жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің деректері көрсетіледі. Сондай-ақ, интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады», - деді Бюро басшысы.
Жеке деректердің қауіпсіздігі - халық санағы кезіндегі басты басымдықтардың бірі
Ұлттық халық санағына қатысатын азаматтардың жеке деректерін қорғау – негізгі басымдықтардың бірі. Бұл туралы брифинг барысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«Халық санағы кезеңінде орталық санақ серверіне деректерді жеткізу екі жолмен жүзеге асырылатын болады. Бірінші әдіс – планшеттен ұялы байланыс операторының пакеттік деректерінің қауіпсіз желісі (Интернетке қосылусыз) арқылы онлайн режимінде. Байланыстың бұл түрі барлық деңгейлерде (қалалық, аудандық, ауылдық), интервьюер планшетпен оператордың қызметімен қамту аймағында болған жағдайда қолданылуы мүмкін», - деп түсіндірді ол.
Деректерді берудің екінші әдісі ұялы байланыс желісі нашар шалғай елді мекендерде сауалнама жүргізу кезінде қолданылады.
«Интервьюерлер үшін деректерді жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округтердің әкімдіктері) қосылған арнайы желі арқылы оффлайн режимінде орталық санақ серверіне беру мүмкіндігі қарастырылған», - деп атап өтті Айдапкелов.
Сонымен қатар, ол мұндай байланыс түрі ЖАО-ның барлық деңгейлерінде (қалалық, аудандық, ауылдық) қолжетімді екенін жеткізді.
«Бұдан басқа, барлық аумақтық статистика органдары қосылған бюроның ведомстволық деректерді беру желісі бойынша деректерді жіберуге болады. Барлық жіберілген файлдар шифрланған», - деп атап өтті Бюро басшысы.
Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың ұлттық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн режимінде, сондай-ақ, дәстүрлі тәсілмен де қатысуға болады. 2021 жылдың санағының ұраны - «Қазақстанда әркім маңызды!».
www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары
| Баспасөз қызметі: | Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры: | Мекенжай: |
| Әсем Алданғарқызы | Н.А. Кожаков | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749002 | Тел. +7 (7172) 749162 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы