Ұлттық статистика бюросы Өзбекстан мен Әзірбайжандағы әріптестерімен әлеуметтік қорғау статистикасы бойынша тәжірибесімен бөлісті

Ұлттық статистика бюросы Өзбекстан мен Әзірбайжандағы әріптестерімен әлеуметтік қорғау статистикасы бойынша тәжірибесімен бөлісті

Өзбекстан Республикасының ауқымды реформалары аясында SESRIC (статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер мен ислам елдері үшін кадрлар даярлау орталығы) қолдауымен 13-17 қыркүйек аралығында Ұлттық статистика бюросының тәжірибесін зерделеу мақсатында өмір сүру деңгейін, кедейлікті, халықтың әлеуметтік осал топтарын, ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды, гендерлік статистиканы және басқа да әлеуметтік мәселелерді есепке алу статистикасы салалары бойынша Өзбекстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының Статистика жөніндегі мемлекеттік комитеттері үшін «Әлеуметтік қорғау статистикасы» бойынша онлайн курс өткізілді.

Бұл курс келесі тақырыптар бойынша өтті:

     1. Қазақстан Республикасында гендерлік статистиканы дамыту;

     2. ҒЗТКЖ және инновациялар статистикасын қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдер;

     3. Үй шаруашылықтарының бюджеттерін іріктеп зерттеу деректері бойынша кедейлік көрсеткіштері;

     4. Халық статистикасы және оның әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары.

Алғашқы екі күн ішінде Ұлттық статистика бюросының мамандары гендерлік статистиканы енгізу және дамыту, оның ішінде ұлттық көрсеткіштер жүйесін құру және гендерлік тақырыпқа іріктемелі зерттеулерді жүргізу бойынша тәжірибесін ұсынды. Әріптестермен талқылау барысында статистикалық ақпаратты өндірушілер мен пайдаланушылар арасында өзара ынтымақтастықтың, сондай-ақ деректерді таратуды жақсарту және статистикалық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ғылым және инновация статистикасы бойынша деректерді жинау және өңдеу процесі, көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша мәселелерді талқыланды, сондай-ақ Өзбекстан мен Әзірбайжандағы әріптестерімен деректерді жинау және өңдеу процесіне инновацияларды енгізу және статистикада деректердің баламалы көздерін (Big Data) пайдалану туралы мәселелерді қарастырылды.

Әлеуметтік статистика бойынша сырқаттанушылық статистикасы туралы деректерді жинау, демографиялық статистика көрсеткіштерін есептеу мәселелеріне ерекше назар аударылды, сонымен қатар халық санағының әдіснамасы және «Халықтың Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» туралы іріктемелі зерттеу жүргізу тәжірибесі талқыланды.

Өмір сүру деңгейі статистикасы бойынша үй шаруашылықтарының бюджеттерін және статистикалық құралдарды зерттеу үшін іріктеу тақырыптары ұсынылды. Бұдан басқа, кедейлік пен теңсіздік көрсеткіштерін қамитытын халықтың өмір сүру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі: табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі, кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі, Джини коэффициенті бойынша мәселелер белсенді талқыланды. Ұлттық статистика бюросының мамандары өмір сүру деңгейі статистикасы саласын дамытудың таяудағы перспективаларымен бөлісті – бұл көп өлшемді кедейлікті бағалау әдістемесін әзірлеу және респонденттерге сауалнама жүргізу тәжірибесіне планшеттерді енгізу.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық әріптестеріне алғыс білдіріп, қатысушыларға сертификаттар табыстады.

 

www.stat.gov.kz / Жаңалықтар-Бюроның баспасөз хабарламалары

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Н. Б. Нұрымжанов А.А. Қыдырбекова Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749338 Тел. +7 (7172) 749023 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы