Қазақстан Республикасындағы халықтың 2021 жылғы II тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2021 жылғы II тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы II тоқсанда 4,8%-ды құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда
0,9 пайыздық тармаққа төмен.

2021 жылғы II тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,5%), Ақмола (6,6%) облыстарында және Шымкент (5,6%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,9%) тіркелді.

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылғы II тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,6, азық-түлік емес тауарларға – 8,6, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,8 есені құрады.

 

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы/ Бюллетень «Халықтың табыстарын саралаудың негізгі көрсеткіштері».

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Мақшаева А. Белоносова Н.Е. Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749262 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы