2021 жылы 15 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ халық санағының аралық қорытындылары және өзекті мәселелері туралы баяндады.
Тұрмыс-тіршіліктің шектеулері жайлы сауалдар мемлекеттік органдарға мүмкіндігі шектеулі жандар мен өмір сүруінде үлкен қиындықтары бар, бірақ медициналық мекемелерге жүгінбеген адамдардың саны туралы неғұрлым толық деректер береді. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«Тұрмыс-тіршіліктің шектеулері деген тармақтағы сауалдар қызу талқыланды. Неліктен көру, есту, жүру және есте сақтау көрсеткіштері енгізілді? Айта кетейік, бұл сұрақ алдыңғы санақта да қойылған. Бірақ басқа формада берілді. 2009 жылғы халық санағының "Сіз жүру, есту, көру және сөйлеу қиындықтарын сезінесіз бе?" деген жалпылама сұрағы қиындық түрлері бойынша қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік бермеді", - деп түсіндірді Айдапкелов.
2021 жылғы санақ парағына енгізілген тұрмыс-тіршіліктің шектеулері сұрақтарын мүгедектік статистика жөніндегі Вашингтон тобы ұсынған болатын. Бұл бөлімде 5 сұрақ бар, мұнда тұрғындарға денсаулығына байланысты белгілі бір әрекеттерді орындау кезінде күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарды бағалау ұсынылады.
"Халық санағының қорытындысы бойынша мүгедектер мен өмір сүруінде үлкен қиындықтар мен шектеулері бар, бірақ медициналық мекемелерге жүгінбеген және сондықтан ағымдағы статистикада көрсетілмеген адамдардың саны туралы деректер алынады. Сонымен қатар, нәтижелер ұлттық бағдарламалар мен мүгедектердің құқықтары жөніндегі Конвенция шеңберінде одан әрі зерттеулер жүргізу үшін іріктеулер қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Бюро басшысы.
www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары
| Баспасөз қызметі: | Әлеуметтік және демографиялық статистика департаментінің директоры: | Мекенжай: |
| Әсем Алданғарқызы | Н.Е. Ханжігітов | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749002 | Тел. +7 (7172) 749061 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы