Вопросы о занятости и доходах важны для всесторонней оценки благосотояния народа

Вопросы о занятости и доходах важны для всесторонней оценки благосотояния народа

2021 жылы 15 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ халық санағының аралық қорытындылары және өзекті мәселелері туралы баяндады.

Жұмыспен қамту және табысы туралы деректерді жинау мемлекетке халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын объективті және жан-жақты бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Брифингте Ұлттық статистика бюросының төрағасы Нұрболат Айдапкелов осындай пікір білдірді.

"Халық санағы аясында халықты жұмыспен қамту туралы мәліметтерді жинақтау адамдар мен үй шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау, сондай-ақ жұмыс орындарын ашуға, жұмысқа орналасуға, жұмыссыздыққа байланысты көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша саясат пен бағдарламаларды жоспарлау үшін өте маңызды", - деді ол.

Бюро басшысы аралық санақ кезеңінде мұндай деректердің халықты жұмыспен қамту бойынша үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру қорытындылары бойынша алынатынын түсіндірді. Бұл ретте іріктеу мөлшері 4,8% – ды (234 000 үй шаруашылығы) құрайды, бұл деректерді тоқсан сайын – облыстар бойынша және жылына бір рет аудандар бойынша алуға мүмкіндік береді.

"Халық санағы аясында халықтың өмір сүру көздері туралы мәліметтер жинау жұмыс күші мен жұмыспен қамту мәртебесінің көрсеткіштерін толықтыратын маңызды тұжырымдама болып табылады. Бұл отбасының әл-ауқатының, кедейлік деңгейінің сипаттамасы", - деді Айдапкелов.

Аралық кезеңде деректер үй шаруашылықтарының өмір сүру деңгейі бойынша іріктемелі зерттеу қорытындылары, сондай-ақ әкімшілік дереккөздер мен кәсіпорындардың есептілігі бойынша алынады деп нақтылады ол. Бүгінгі таңда мұндай іріктеменің мөлшері 0,5% (12 000 үй шаруашылығы) құрайды, бұл облыстар бойынша отбасылардың табыстары тоқсан сайынғы және жылдық негізде репрезентативтік деректерді алуға мүмкіндік береді.

2021 жылғы санақ парағының "Өмір сүру құралдарының көздері" бөлімінде 1 негізгі және 2 көмекші сұрақ бар. Бөлімнің сұрақтарына 14 жастан асқан тұрғындар жауап береді (Еңбек кодексінде белгіленген жасқа сәйкес).

"Заңнамаға сәйкес анықталған өмір сүруге қажет табыс көздерінің барлық негізгі көздері енгізілді. Табыс мөлшері туралы мәселеде деректердің респонденттермен төмендетілуі мүмкін екенін түсіну керек. Халық санағының қорытындысы бойынша халықтың өмір сүру көздерінің түрлері, жынысы, жасы, өңірлері (аумақтық дезагрегацияның барлық деңгейлерін қоса алғанда) туралы деректер алынатын болады. Сондай-ақ, табыс мөлшері туралы деректер, және COVID-19 пандемиясының табыс деңгейіне қалай әсер еткені туралы ақпарат қалыптастырылады", - деп түсіндірді Бюро басшысы.

 

www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары

Баспасөз қызметі: Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры: Мекенжай:
Әсем Алданғарқызы Н.Е. Белоносова 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749061 Мәңгілік ел , 8
Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz   Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы