2021 жылы 15 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ халық санағының аралық қорытындылары және өзекті мәселелері туралы баяндады.
Халық санағы мемлекеттік деректер базасындағы кейбір мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.
«Халық санағын өткізу барысында азаматтарға қатысты бірқатар мәліметтерден қате кеткені белгілі болды. Санақтан өткендер сауалнама толтырудың бастапқы кезеңінде кейбір жолдардың автоматты түрде толтырылатынын аңғарған болар. Бұл – аты-жөні, жынысы және мемлекеттік деректер базасынан алынатын басқа да ақпараттар», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, төрт ер адам деректер базасында әйел ретінде көрсетілген. Ал, үш әйел еркек ретінде көрсетіліп тұрған.
«Бұл адамдарға статустарын өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге кеңес берілді», - деп қорытындылады өз сөзін Бюро басшысы.
www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары
| Баспасөз қызметі: | Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаментінің директоры: | Мекенжай: |
| Әсем Алданғарқызы | Д.А. Исаев | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749002 | Тел. +7 (7172) 749058 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы