Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылғы қаңтар-тамызда 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 103,9% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7329,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1% артық.
2021 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 22979,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 2,4% артық. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (1,4%) тіркелген. Бұл кезде өсім өңдеу өнеркәсібінде (5,8%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (5,9%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (8,2%) байқалады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 2887,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 2% артық.
2021 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2715,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 11,4% артық.
2021 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 98,6% құрады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 379,7 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,8% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 62 млрд. ж-км құрап, 27,6% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-тамызда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 112,8% құрады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,1% құрады.
2021 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 7798,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,1% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 16687,3 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 110,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-шілдедегі Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 53693,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар- шілдемен салыстырғанда номиналды мәнде 7,4% көбейді, оның ішінде экспорт – 32030,2 млн. АҚШ долларын (10,6% көп, номиналды мәнде), импорт – 21662,9 млн. АҚШ долларын құрады (3% көп, номиналды мәнде).
2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 474542 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,9% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 465902 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 344719 құрады, оның ішінде 336315 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы тамызда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,5%, азық-түлік емес тауарларға – 5,2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4,4% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы тамызда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 35,2% өсті.
Әлеуметтік сектор
2021 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 125607 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы шілдеге қарағанда 11,4% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,8% артты.
2021 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 256455 теңгені құрады.
2021 жылғы тамызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,8 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы тамыздың соңына 222,6 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Калиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749551 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы