2021 жылғы 1 тамызға еліміздегі халық саны 19029,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11274,6 мың (59,2%), ауылдықтар –7754,9 мың адам (40,8%). 2020 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 262 мың адамға немесе 1,4% өсті.
Халықтың табиғи қозғалысы
2021 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда (142,4 мың адам) 14,3% өсіп, 162,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,74 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде туылғандар саны 256 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге (235,5 мың адам) қарағанда 8,7% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,19 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 93,3 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге (93,1 мың адам) қарағанда 0,1% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,45 қайтыс болғандарды құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2006 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1788 шетінеген нәресте) 12,2% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,84 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 5409 адамды, елімізден кеткендердің саны18198 адамды, көші-қонның айырымы -12789 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,3% және 85,4% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,6%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (16902 адам), Нұр-Сұлтан (14222 адам), Шымкент (8965 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (310 адам).
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ә. Алданғарқызы | Н.Е. Ханжігітов | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749002 | Тел. +7 (7172) 749061 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы