Ел бойынша 3 мыңнан аса санақ бұрыштары ашылған

Ел бойынша 3 мыңнан аса санақ бұрыштары ашылған

10 қыркүйек сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 1421092 респондент онлайн санақтан өтті. 1216369 адам sanaq.gov.kz сайтында, 147702 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 57021 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Алғашқы 9 күннің қорытындысымен Алматы алда. Мұнда 153163 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 132153 адам Нұр-Сұлтанда тіркелген. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндеді. Мұнда 129771 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 26817 және 19129 адам санақтан өтіпті.

Азаматтардың ыңғайлылығы үшін аумақтық статистика департаменттерінде, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, Казпочта филиалдарында және ірі сауда орындарында санақ бұрыштары қарастырылған. Ол жерде респонденттерге санақтан онлайн режимде өтуге арнайы консультанттар көмек беруде. Қазірде еліміз бойынша 3155 санақ бұрышы бар. Қосымша тағы ашылатын болады.

Елордадағы санақ бұрыштарының жұмысымен танысу мақсатында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов олардың бірқатарына барды. Олардың бірі Алматы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан. Мұнда жұмыс істейтін консультанттар келушілерге көмек көрсетіп, санақтан онлайн өтуге жәрдемдеседі. Ұқсас санақ бұрыштары «Казпочта» филиалының бірінде де жұмыс істеп тұр. Елордадағы ірі сауда ойын сауық орталықтарының бірі «Хан шатырда» да келушілердің санақ сауалдарына жауап беруіне мүмкіндіктері бар.

Сауалдарға онлайн жауап беру мүмкіндігі 15 қазанға дейін қолжетімді. Қазіргі уақытта респонденттерге санақтан онлайн режимде өтудің бірнеше жолы қарастырылған: SANAQ.GOV.KZ сайты, E-GOV порталында тіркелу және AITU мобильді қосымшасы.

Қазақстанда әркім маңызды!

 

10 қыркүйектегі жағдай бойынша өңірлерде ашылған санақ бұрыштарының саны:

Нұр-Сұлтан – 9

Алматы – 145

Шымкент – 155

Қостанай облысы – 21

Ақмола облысы – 258

Атырау облысы – 81

Маңғыстау облысы – 31

Павлодар облысы – 253

Жамбыл облысы – 82

Ақтөбе облысы – 172

Түркістан облысы – 485

Алматы облысы – 312

Батыс Қазақстан облысы – 206

Солтүстік Қазақстан облысы – 155

Шығыс Қазақстан облысы – 353

Қызылорда облысы – 325

Қарағанды облысы – 112

 

www.stat.gov.kz/ Пайдаланушыларға / Ұлттық санақтары

Баспасөз қызметі: Ұлттық санақтар департаментінің директоры: Мекенжай:
Әсем Алданғарқызы Н.А. Кожаков 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749162 Мәңгілік ел , 8
Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz   Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы