2021 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық ахуалы туралы

2021 жылғы 1 шілдеге еліміздегі халық саны 19009,6 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11256,5 мың (59,2%), ауылдықтар –7753,1 мың адам (40,8%). 2020 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 249,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.

k13-08-2021-2.png

Халықтың табиғи қозғалысы

2021 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда  (132,3 мың адам) 5,6% өсіп, 139,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,82 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-маусымда туылғандар саны 216,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға (197,3 мың адам) қарағанда 9,6% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,94 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 76,6 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-маусымға (65,0 мың адам) қарағанда 17,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,12 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1688 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1507 шетінеген нәресте) 12,0% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,81 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 4595 адамды, елімізден кеткендердің саны 14192 адамды, көші-қонның айырымы   -9597 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 84,3% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 12%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (14227 адам), Нұр-Сұлтан (11354 адам), Шымкент  (8074 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (308 адам).

www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Алданғарқызы Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы
Тел.+7 7172 74 90 02 Тел. +7 7172 74 90 61 Тел.+7 7172 74 90 02 Мәнгілік ел көшесі, 8
    E-mail: aldangarkyzy
@aspire.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс
       

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы