Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 103,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6223 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 1,4% кем.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 20161,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,5% артық. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (1,3%) тіркелген. Бұл кезде өсім өңдеу өнеркәсібінде (5,9%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (5,7%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (7,8%) байқалады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 1997,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 2,4% артық.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2234 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 11,1% артық.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 96,9% құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 328,4 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар- шілдемен салыстырғанда 0,6% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 52 млрд. ж-км құрап, 35,9% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 112,5% құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,1% құрады.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 6482,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 107,2% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 14045,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 110% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 45323,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда номиналды мәнде 4% артты, оның ішінде экспорт – 27020 млн. АҚШ долларын (2,7% көп, номиналды мәнде), импорт – 18303,7 млн. АҚШ долларын құрады (5,9% көп, номиналды мәнде).
2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 472073 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,8% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 463436 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 343449 құрады, оның ішінде 335038 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы шілдеде 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,3% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,3%, азық-түлік емес тауарларға – 4,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 3,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы шілдеде 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 33% өсті.
Әлеуметтік сектор
2021 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 123412 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы маусымға қарағанда 11,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3% артты.
2021 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 252766 теңгені құрады.
2021 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы шілденің соңына 223,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,4%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Калиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749551 | Тел. +7 7172 749095 | Тел. +7 7172 749002 | Мәнгілік ел көшесі, 8 үй, |
| E-mail: a.aldangarkyzy @aspire.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы