Еңбек нарығындағы жағдай*

Еңбек нарығындағы жағдай*

2021 жылғы II тоқсанда республика экономикасында 8,8 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында 6,7 млн. адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызмет бойынша жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша) 451,4 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады.

2021 жылдың II тоқсанында еңбек нарығына коронавирустың таралуын шектеу мақсатында елде қабылданған крантиндік шаралар әсері сақталды. Жалпы негізгі жұмыс орнында жұмыс көлемінің төмендеуіне (толық емес жұмыс күні) немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша аз сағат жұмыспен қамтылғандар саны 2021 жылдың I тоқсаны деңгейінде сақталды және 256,5 мың адамды құрады.

Қызметті тоқтату себебіне байланысты уақытша жұмыс істемейтіндер саны 4,8 мың адамды құрады. Оның ішінде 44,1% - сауда қызметкерлері, 14,8% - көлік және жинақтау, 14,8% - өңдеу өнеркәсібі, 9,7% - көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлері, 3,6% - білім беру саласы.

k11-08-2021-1.png

Жұмыспен қамту органдарында 2021 жылғы шілде айының соңына 223,5 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 2,4%-ын құрады.

*Деректер халықтың жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу қорытындыларының негізінде қалыптастырылған.

 

Әдіснамалық түсіндірмелер:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Ж.Кәрібаева Н.Е.Белоносова Алданғарқызы Ә 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749688 Тел. +7 7172 749022 Tел.+7 7172 749002 Мәнгілік ел көшесі, 8
    a.aldangarkyzy
@aspire.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс
       

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы