2021 жылғы Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс сапасы

2021 жылғы Қазақстан Республикасындағы халықтың тұрмыс сапасы

Үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша «Халықтың тұрмыс сапасы» сауалнамасы бойынша респонденттердің 61,3% (субъективті бағалау бойынша) өз өміріне жалпы қанағаттанғанын көрсетті, бұл ретте қалаларға (56,1%) қарағанда ауылдық жерлерде қанағаттанғандар көбірек (70,7%).

Өткен жылғы зерттеумен салыстырғанда үй шаруашылықтарының өміріне қанағаттанушылығы айтарлықтай төмендеген жоқ (2020 жылы – 63,5%).

k03-08-2021-1.png

Респонденттердің 48,7% өз денсаулықтарымен қанағаттанған, 47,7% ішінара қанағаттанған. Бұл ретте, жасы ұлғайған сайын денсаулығына қанағаттанғандардың үлесі төмендейді және зейнеткер жастағы респонденттердің арасында 15-17 жастағыларға қарағанда орташа алғанда қанағаттануы 2,7 есеге төмен. Сонымен қатар, өткен жылғы зерттеудің қорытындыларымен салыстырғанда респонденттердің өз денсаулықтарымен қанағаттанулары 1,4 пайыздық тармаққа төмендеген (2020 жылы – 50,1%).

Пікіртерім жүргізілген респонденттердің негізгі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің ұсынылған тізбесінен Жедел медициналық көмек көрсету орталықтарының көрсететін қызмет сапасына сұралғандардың 50,9% көбірек қанағаттанғандар.

Өздерінің қаржылық жағдайына респонденттердің қанағаттану деңгейі ағымдағы жылы 1,4 проценттік тармаққа төмендеп, 40,2% құрады. Материалдық қамтамасыз етілу (ауқаттылық) деңгейі бойынша респонденттердің 65,6% өздерін қамтамасыз етілудің орташа деңгейіне жатқызды (орта топ), 0,8% респонденттер өздерін қамтамасыз етілудің жоғары деңгейіне жатқызды және қамтамасыз етілудің төменгі деңгейін респонденттердің тек 0,4% көрсетті.

Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 20,5% өздігінен тұрғын-үй сатып алу мүмкіндігі туралы нұсқаны таңдады, 42,9% - ішінара, сонымен қатар сұралғандардың 26,5% үй беруде (тұрғын-үй жағдайын жақсартуда) мемлекеттің көмегіне қанағаттанатынын көрсетті.

Респонденттердің жартысынан астамы (60,5%) туыстары мен таныстарының моральдік қолдауына сенімді екендігін көрсетті, бұл ретте ерлер мен әйелдер моральдік қолдау көрсетілетініне бірдей пікірде болған (тиісінше 60,9% және 60,1%).

Өзінің жарқын сенімді болашағы туралы 40,5% респондент, болашақта жақсаратынын 33% болжайды және респонденттердің тек 0,1% тұрмыстары нашарлай түседі деп ойлайды.

www.stat.gov.kz /Ресми статистика/Салалар бойынша/Тұрмыс деңгейі статистикасы

Орындаушы: Департамент директорының м.а.: Баспасөз қызметі: Мекенжайы:
Керейбаева С.Б. Дауренбекова Г.К. Әсем Алданғарқызы 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749806 Тел. +7 7172 749384 Тел. +7 7172 749002 Мәңгілік ел көшесі, 8
    E-mail: a.aldangarkyzy
@aspire.gov.kz
Министрліктер үйі,
4 кіреберіс
       

© Қазақстан Республикасы Стратегичлық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы