2021 жылғы шілдеде өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы

2021 жылғы шілдеде өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы

Ағымдағы жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда отандық өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 3,6% жоғарылады.

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-
  2021 жылғы
шілде
2021 жылғы
қаңтар-шілде
2020 жылғы
қаңтар-шілдеге
2021 жылғы
маусымға
2020 жылғы
желтоқсанға
2020 жылғы
шілдеге
2015 жылғы
желтоқсанға
Өнеркәсіп – барлығы 3,6 33,0 45,2 97,4 25,5
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 6,0 48,8 66,7 113,3 31,8
Өңдеу өнеркәсібі 0,1 15,9 24,1 85,7 18,2
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 1,0 8,2 12,0 30,1 9,6
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет 0,5 1,4 1,8 22,5 1,5

Тау-кен өндіру саласында бағаның мұнайға - 7,3%, металл кендеріне 0,5% жоғарылауы, көмірге 0,2% төмендеуі байқалды.

Өңдеу саласында баға ферроқорытпаларға - 0,7%, алюминийге 0,6% жоғарылады, мысқа - 5,8%, асыл металдарға - 3,2%, мырышқа 0,3% төмендеді. Мұнай өнімдерінен мазутқа - 4,9%, сұйытылған пропан және бутанға - 1,6%, дизель отынына 1,3% қымбаттады.

Азық-түлік өнімдерінен өндірушілерде баға өсімдік майына, құс етіне - 3,1%-дан, мал етіне - 1,5%, жармаларға және шайға - 0,8%-дан, күрішке - 0,5%, нанға және макарон өнімдеріне - 0,3%-дан, сүт өнімдеріне 0,2% жоғарылады, қара бидай ұнына - 0,9%, қантқа 0,3% төмендеді.

Баға электр энергиясымен және сумен жабдықтауда газ тарату бойынша қызметтерге - 3%, электр энергиясы, оны тарату бойынша қызметтерді қоса алғанда 1,3% жоғарылады.

k02-08-2021-3.png

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Департамент директорының
міндетін атқарушы:
Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Д. Байгужинова Т. Демешева Ә. Алданғарқызы 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749287 Тел. +7 7172 749790 Тел. +7 7172 749002 Мәнгілік ел көшесі, 8
    E-mail: a.aldangarkyzy
@aspire.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс
       

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы