Бір айда (2021 жылғы шілде 2021 жылғы маусымға) баға азық-түлік тауарларына – 0,7%, азық-түлік емес тауарларына – 0,5%, ақылы қызметтерге 0,8% жоғарылады.
| пайызбен, өсуі | |||||
| 2021 жылғы шілде | 2021 жылғы қаңтар-шілде 2020 жылғы қаңтар-шілдеге |
||||
| 2021 жылғы маусымға |
2020 жылғы желтоқсанға |
2020 жылғы шілдеге |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
| Тауарлар мен қызметтер | 0,7 | 5,3 | 8,4 | 45,9 | 7,5 |
| Азық-түлік тауарлары | 0,7 | 7,3 | 11,0 | 60,7 | 10,6 |
| Азық-түлік емес тауарлар | 0,5 | 4,5 | 7,2 | 46,9 | 6,2 |
| Ақылы қызметтер | 0,8 | 3,6 | 6,1 | 27,6 | 4,6 |
Бағаның өсуі қырыққабатқа – 12,6%, қызылшаға – 9,1%, басты пиязға – 8,2%, күнбағыс майына – 4,2%, құс етіне – 3%, қарақұмық жармасына – 2,6%, жылқы етіне – 2,5%, қой етіне – 2,4%, сиыр етіне – 2,2%, шошқа етіне, шайға – 2%-дан, жұмыртқаға – 1,3%, құмшекерге – 1%, ұнға 0,9% белгіленді. Темекі өнімдері – 4,1%, минералды және ас су – 1,2%, алкогольды сусындар – 0,8%, салқындатылған сусындар 0,7% қымбаттады. Бағаның төмендеуі картопқа – 20%, қызанаққа – 14,8%, қиярға – 11,9%, сарымсаққа – 6,8%, банандарға – 2,5%, сәбізге 2,2% тіркелді.
Баға өсімі тұрмыстық аспаптарға – 1,7%, құрылыс материалдарына, ыдысқа – 0,9%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 0,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,5%, киім және аяқ киімге, жеке қолданылатын тауарларға 0,4%-дан құрады. Баллондағы сүйытылған газ – 2,1%, дизель отыны – 2%, бензин 0,9% қымбаттады.
Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 1,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 0,8%, кешенді демалу ұйымдарға – 0,7%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтеріне, қонақ үйлер қызметтеріне 0,4%-дан жоғарылады. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 9,9%, таксимен 1,2% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 5%, суық суға – 1%, суды бұруға 0,7% жоғарылады. Тұрғын үйді күтіп ұстау үшін төлем 1,5% қымбаттады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2021 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,1%, азық–түлік емес тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 31,3% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/Баға статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директорының міндетін атқарушы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Рашидов А.Р. | Т.М. Демешева | Алданғарқызы Ә | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749536 | Тел. +7 7172 749057 | Тел. +7 7172 749002 | Мәнгілік ел көшесі, 8 |
| E-mail: a.aldangarkyzy @aspire.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы