2021 жылғы ІІ тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы ІІ тоқсандағы жалақы*

2021 жылғы ІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 251 545 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 118,6%, ал нақты жалақы индексі 110,4% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 472,5 мың теңге(орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары), тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 461,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 356,7 мың теңге (1,4 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 338,6 мың теңге (1,3 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 145,6 мың теңге және сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша -146,5 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 398,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,6 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 189,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,5%-ға төмен.

30072021-1k

Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжайы:
Андас Е.К. Белоносова Н.Е. Әсем Алданғарқызы 010000,
Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749554 Тел. +7 7172 749022 Тел. +7 7172 749002 Мәңгілік ел көшесі, 8 үй,
    E-mail: a.aldangarkyzy
@aspire.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс
       

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы