(зерттеу 2021 жылғы сәуір-мамырда өткізілген)
Осы баспасөз хабарламасы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы сәуір-мамырда өткізілген «Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі» іріктемелі зерттеу (бұдан әрі - Зерттеу) нәтижелеріне негізделген.
Зерттеу республиканың барлық өңірлерін, қалалық, ауылдық жерлерді де қамтыды. Зерттеуге 15 жас және одан жоғары жастағы 18005 респонденттер қатысты немесе негізгі жиынтықтың 0,35%-ы, бұл республиканың өңірлер деңгейіндегі деректерінің репрезентативтілігін қамтамасыз етті.
Сауал салынған барлық респонденттердің ішінен өзінің тұратын ауданында сезінеді: толық қауіпсіз - 60,6% (2020 ж. – 57,4%), жеткілікті деңгейде қауіпсіз - 35,7% (38,5%), қауіпсіз емес – 2,4% (2,9%), мүлдем қауіпсіз емес – 1,1% (0,6%), жауап беруге қиналды - 0,3% (0,6%).
40% респондентер соңғы 12 айда олардың тұратын ауданындағы қылмыстылық деңгейін төмендеді деп есептейді, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,6% көп (37,4).
Респонденттердің жауаптарын өңдеу нәтижелері азаматтардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жақсарту үшін құқық қорғау органдары мынадай зерттеуде көрсетілген негізгі шаралар қолдануы керек екенін көрсетті: 31,3% сұралғандар көшелерді жедел бейнетіркегіштермен (бейнекамералармен) жабдықтау керек деп санайды; барлық көшелерді жарықпен қамтамасыз ету – 29,5%; көшелерді жиі күзету, телефон қоңырауларына және халықтың өтініштеріне жедел ден қою – 27,4%; құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру – 23,9%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Құқық бұзушылық статистикасы /Сала бойынша / Бюллетень/(сала атауы) / Халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімділік деңгейі
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Сангылбаев Д.С. | Ханжигитов Н.Е. | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749374 | Тел. +7 (7172) 749061 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы