Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2021 жылғы II тоқсанда өткен 2021 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда өндіріс көлемінің және дайын өнiмге сұраныстың көбейгенің белгіледі.
Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтынкәсіпкерліктің сенімділік индексі 7% құрады.
Жақын арадағы келешекте өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының ой-пікірлері бойынша ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің жақсаруы күтіледі.
2021 жылғы II тоқсанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылар сұранысы мен іскерлік белсенділігі 2021 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда өсті.
2021 жылғы IІ тоқсанда сұралған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі 0% құрады.
Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 63% өзгеріссіз, 16% жақсаруын және 10% кәсіпорын өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын күтеді.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейін бағалау және дайын өнімнің қоры (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ өндіріс көлемінің болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.
Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай деңгейін бағалау мен қоймадағы қорлар (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ экономикалық жағдайдың болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі. Зерттеліп отырған кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сол немесе өзге көрсеткішінің «өсуін» және «кемуін» атап өткен респонденттердің пайыздық үлесінің айырмашылығы баланс деп ұғынылады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Конъюнктуралық зерттеулер статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директорының м.а.: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ж.Т.Әбдәлімова | Ә.Қ.Торғауытова | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749814 | Тел. +7 (7172) 749527 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы