2021 жылғы 1 маусымға еліміздегі халық саны 18984,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11237,0 мың (59,2%), ауылдықтар –7747,8 мың адам (40,8%). 2020 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 249,0 мың адамға немесе 1,3% өсті.
Халықтың табиғи қозғалысы
2021 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда (106,8 мың адам) 4,4% өсіп, 111,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,18 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 175,2 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға (156,8 мың адам) қарағанда 11,7% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,28 туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 63,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға (50,0 мың адам) қарағанда 27,3% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,10 қайтыс болғандарды құрады.
2021 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1423 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1221 шетінеген нәресте) 16,5% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,12 оқиғаны құрады.
Халықтың көші-қоны
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 3662 адамды, елімізден кеткендердің саны 9862 адамды, көші-қонның айырымы -6200 адамды құрады.
Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,3% және 82,1% құрады.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 23,5%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (11647 адам), Нұр-Сұлтан (8920 адам), Шымкент (7342 адам), қалаларында және Маңғыстау облысында (327 адам).
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ә. Алданғарқызы | Н.Е. Ханжігітов | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749002 | Тел. +7 (7172) 749061 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы